25 қазан – Республика күні елде ұлттық мереке ретінде атап өтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мерекеге орай облыс орталығында бірқатар іс-шара ұйымдастырылады.
24 қазан күні сағат 11:00-де Сол жағалау кешенінде «Tarbiya» ұлттық киім дүкені ашылады.
25 қазан күні сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін Өнер мұражайында суретшілердің көрме-байқауы өтеді.
Сағат 11:00-ден 14:00-ге дейін Арбатта Шығыс Қазақстанның көркем жерлерінің фотокөрмесі ұйымдастырылады.
Ал Қ.Қайсенов атындағы этносаябақта «Бірлігі жарасқан Қазақстан» мерекелік шарасы өтеді.
Сағат 11:00-де «Оқырман трамвайында» «Отаныңның орны жүректе» мерекелік акциясы басталады.
Сағат 11:00-14:00 аралығында Тарихи-өлкетану мұражайында «Күмістің сиқыры мен жарқылы» атты көрме өтеді.
Сағат 12:00-де «Император» сауда үйінде «Қыран елім – Қазақстан!» мәдени-мерекелік бағдарламасы ұйымдастырылады.
Сағат 13:30-дан 18:00-ге дейін «MAXI MALL» сауда үйінде «Елімнің еркін рухы» мерекелік іс-шарасы өтеді.
Сағат 16:00-де «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығында «Алтай» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің «Мәңгілік жаса туған елім!» атты концерті ұйымдастырылады.
Сағат 17:00-де «MAXI MALL» сауда үйінде «Рухы биік – Республика» атты театрландырылған концерт-спектакль өтеді.
Пікірлер