444.3 490.91 5.41
A+ A A-

Самар жағалауында интернет пен ұялы байланыс пайда болады

Самар жағалауында интернет пен ұялы байланыс пайда болады [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Бұл туралы аудан әкімі Серік Жеңісов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жыл соңына дейін Самар ауданында бірнеше антенна-мачта құрылғысын орнату жоспарлануда.

– Азаматтардың өтініштері бойынша Палатцы ауылында антенна-мачта станциясының құрылысы басталды. Айдың соңына дейін ауыл тұрғындары сапалы интернет пен тұрақты ұялы байланысқа қол жеткізеді, – деді Серік Жеңісов.

Аудан басшысы монтаж жұмыстарының барысымен танысып, кестеге сай жүріп жатқанын атап өтті.

– Жалпы Самар ауданында жыл соңына дейін осындай бірнеше станция орнатылып, тек елді мекендер ғана емес, жағалау бойындағы туристік аймақтар да тұрақты байланыспен қамтылатын болады, – деді әкім. 

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив