A+ A A-

talgatzhan 16 11-10-2024, 09:58 0

Самар ауданындағы шенеунік қоқыс ақысын өз қалтасынан төледі

Бүгін / Самар

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ШҚО бойынша департаменті қоқысты жинау, шығару, сұрыптау қызметтері нарығына жоспардан тыс талдау нәтижесінде Самар ауданы әкімдігін монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.  

Аталған департамент өкілдерінің мәліметінше, жергілікті атқарушы орган қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдаумен айналысатын қатысушыларды анықтау бойынша тендерді уақытында өткізбеген. Жергілікті атқарушы органға тиісті хабарлама да жолданған. Алайда аудан әкімдігі оны елемеген. Өз кезегінде департамент ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабының 1-тармағы бойынша жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) тексеру жүргізді. 
- Әкімдік орындамаған хабарламада қатты тұрмыстық қалдықтар нарығындағы қатысушыларды анықтауға сәйкес конкурс өткізіп, ҚР бәсекелестікті қорғау туралы заңнамасын бұзу белгілерін жою бойынша шаралар қабылдау туралы айтылған. Сондай-ақ жергілікті атқарушы орган қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау бойынша тұрғындарға арналған тарифтерді әзірлеп, оны бекітуді мәслихатқа ұсынуы керек еді, - делінген мәліметте.  
16 қыркүйектегі тергеу нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 163-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Нәтижесінде Самар ауданындық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы өз кінәсін мойындады. 
Оған ҚР ӘҚБтК-нің 811-бабына сәйкес 553 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. БҚДА хабарлауынша, айыппұл толығымен төленіп, мемлекет кірісіне аударылды.  
Сондай-ақ ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактілерін тексеру нәтижесінде бәсекелестікке қарсы әрекет (әрекетсіздік) үшін Зайсан ауданы әкімдігіне қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив