A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 15:05 0

Өскеменде ауа ластанса да, мектеп оқушылары қашықтан оқыған жоқ

Бүгін / Басты / Өскемен / Өзекті мәселе

Облыс орталығында бірнеше күннен бері ауа сапасы ластанып, қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланды. Дегенмен оқушылар әлі де мектепке барып жүр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Білім беру басқармасы өкілдерінің айтуынша, белгілі бір ауа-райы мен климаттық жағдайлар қашықтан оқуға түрткі болуы мүмкін. Оның ішінде қатты жел, аяз және көктайғақ бар. 
– Сабақты болдырмау "Қазгидромет" РМК-дан алынған ақпаратқа негізделеді. Өкінішке қарай, қазір ауа-райының қолайсыздығы кезінде қашықтан оқытуға көшу туралы ереже жоқ. Бұл мәселе жергілікті атқарушы органдармен жақын арада шешіледі, – деді ШҚО Білім басқармасы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Әсел Бұлжанова.
Білім басқармасындағылар нормативтік құжаттардың жоқтығынан балалардың мектепке бармауын өз бетінше шеше алмайтындарын мойындады. Дегенмен былтыр қарашада ұзаққа созылған қолайсыз ауа райы кезінде оқушылар ешбір нормативтік құжатсыз қашықтан оқытуға жіберілген еді.
– Егер балалар өзін нашар сезінсе, ата-аналарға сабаққа жібермеуге кеңес береміз. Бұл ата-аналардың жауапкершілігі. Егер мектеп директоры ауаның қатты ластанғанын байқаса, сабақты тоқтата алады. Ол бар жауапкершілікті алып, осындай шешім қабылдауға құқылы. Бірақ білім бөліміне хабарлауы керек, – деді Өскемен қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Думанғазы Арғынғазин.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив