25 қазан — Республика күні қарсаңында Тарбағатай ауданындағы Қабанбай ауылдық округіне қарасты Қазақстан ауылында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы мен партияның сайлауалды бағдарламасы аясында салынған жаңа үйлердің кілттері иелеріне салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасарлары Талант Бақытбекұлы мен Ержан Советбекұлы, «AMANAT» партиясы Тарбағатай аудандық филиалының төрағасы Арайлым Муслимова, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және сәулет бөлімінің басшысы Серік Советұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Бахтиярұлы қатысты.
«Бір қабатты Шығыс» тұрғын үй бағдарламасы өңірдің әлеуметтік дамуына серпін беріп, ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға зор үлес қосып келеді. 2022 жылы – 14, 2023 жылы – 27, 2024 жылы 62 баспана беріліп, тұрғындар қоныс тойларын тойлады.
— «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы – Мемлекет басшысының ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты бастамаларының бірі. Партияның бақылау комиссиясы, депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері құрылыс жұмыстарының барысын тұрақты түрде бақылауда ұстап отырды. Бүгінгі пайдалануға берілген баспана – сол еңбектің нәтижесі. Бұл үйлер – ауылдың жаңаруына, жас отбасылардың тұрақтылығына жол ашатын маңызды жоба, – деді «AMANAT» партиясы Тарбағатай аудандық филиалының төрағасы Арайлым Муслимова.
Пікірлер