Бүгін облыс орталығындағы Тәуелсіздік монументінде Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.
- Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылы 25 қазанда азаттық таңы атып, егемен елдің жаңа тарихы жазыла бастады. Азат елдің бүгінгі жетістіктері мен табысы, ауқымды реформалар мен ұзақмерзімді басымдықтардың барлығы ел егемендігінің арқасында ғана мүмкін болып отыр. Сондықтан, егемендігімізді еселеп, тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтау – баршамызға артылған абыройлы міндет!, - деді аймақ басшысы.
Ту көтерілген соң жас мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады. Облыс әкімі оларға қызметтік куәліктерін табыстады.
Пікірлер