A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 09:50 0

Тарбағатай ауданында жаңа баспананың кілттері табысталды

Бүгін / Тарбағатай

25 қазан – Республика күні және Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай Қабанбай ауылдық округіне қарасты Шорға ауылында және Қарасу ауылдық округіне қарасты Қарасу ауылында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында салынған 2 пәтерлі баспананың кілттері табысталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасарлары Талант Бақытбекұлы, Ержан Советбекұлы және Марат Ниғыметоллаұлы, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және сәулет бөлімінің басшысы Серік Советұлы қатысып, ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтады.

Жаңа қоныс иелері де игі істің жүзеге асуына атсалысқан облыс және аудан басшылығына алғыс айтып, қуаныштарымен бөлісті.

Тарбағатай ауданы бойынша «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 2022–2024 жылдар аралығында 103 баспана салынып, пайдалануға берілді. 

Биыл облыс әкімі және аудан әкімінің қолдауымен бағдарлама жалғасын тауып, ауданда тағы 20 жаңа баспана бой көтеріп, тұрғындарға берілуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив