453.64 508.17 5.59
A+ A A-

Өскеменде Үлкен Нарын ауданының мәдени күндері өтеді

Өскеменде Үлкен Нарын ауданының мәдени күндері өтеді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Облыс орталығында «Туған жер – алтын бесігім!» жобасы аясында Үлкен Нарын ауданының мәдени күндері ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

31 қазан күні сағат 17:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында (Протозанов көшесі, 43) аудан қолөнершілерінің, ауылшаруашылық өнімдерінің көрмелерін, тарихи-өлкетану музейі жәдігерлерінің экспозициясын тамашалауға болады. 

Сағат 18:00-де көрермен залында аудан әртістері мен шығармашылық ұжымдарының концерті басталады. 

1 қараша күні сағат 08:00-ден бастап «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы алаңында (Жібек жолы даңғылы, 44) Үлкен Нарын ауданының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі мен өнерпаздардың концерті ұйымдастырылады. 

Сондай-ақ қол күрес, қой көтеру, қымыз ішу, садақ ату сынды спорт ойындары өтеді. 

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив