Бұл туралы қала әкімі Алмат Ақышов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның сөзінше, қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Жыл соңына дейін дайын болуы тиіс.
- Алдын ала есептеуге сәйкес, бұған 115 млрд теңге қажет болуы мүмкін. Бірақ бұл нақты сан емес. Сараптама шыққан соң белгілі болады. Ал құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады, - деді әкім.
Көпірді қай компанияның салатыны әлі белгісіз. Ол үшін арнайы байқау өткізіледі.
- Бір қуантарлығы, бізде үлкен көлемдегі, ауқымды жобаларды іске асыра алатын компания бар. Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін елдегі ең үлкен көпірді салған мердігер компаниясы жеткілікті тәжірибе жинады, - деді Алмат Талғатұлы.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер