A+ A A-

talgatzhan 20 31-10-2025, 18:00 0

Ақжар ауданында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

Бүгін / Тарбағатай

31 қазан күні Ақжар ауылдық мәдениет үйінде «Халық заңгері» атты  республикалық акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған іс-шараның мақсаты – аудан тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру және оларға тегін заңгерлік көмек көрсету.

Акция аясында аудан прокуроры Искаков Абай Нұрлыбекұлы, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Ерік Берікұлы, Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Сабырбаев Ержан Советбекұлы және аудандық бөлім басшылары қатысып, келген тұрғындардың сұрақтарына жауап берді, құқықтық кеңес ұсынды.

Кездесуге келген аудан тұрғындары әлеуметтік, тұрғын үй, жер, еңбек қатынастары мен отбасылық құқық салалары бойынша жеке мәселелерін көтеріп, мамандардан нақты түсініктеме мен көмек алды.

Осындай акциялар халық пен билік арасындағы ашық диалогты нығайтып, тұрғындардың құқықтық мәдениетін көтеруге ықпал етеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив