Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі, Тарбағатай ауданының тумасы Ералы Әскербек Манамада (Бахрейн) өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ақжар балуаны 65 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Ералы шешуші белдесуде қытайлық Чаншин Умен кездесті. Нәтижесінде ол айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Ералы Әскербек - Ақжар ауылындағы спорт мектебінің түлегі.
Пікірлер