Қазір ауданда "Қандысу" су қоймасын күрделі жөндеуден өтуде. Бұл – өңірдегі ірі гидронысандардың бірі. Тағы бір маңызды су қоймасы ретінде "Мысық" су қоймасын салу жоспарлануда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Құйған ауылдық округіне қарасты "Мысық" су қоймасын салу бойынша жоспарлау және талқылау жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға “Қазсушар” республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы міндетін атқарушы Дәулет Жанысов және “Ертіс бассейндік инспекциясының” басшысы Медет Жәдігерұлы арнайы келді.
Аталған су қоймасын салу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бапи тиісті министрлікке арнайы хат жолдаған болатын. Ол Тарбағатай ауданына келген сапарында "Мысық" су қоймасының орнын өз көзімен барып көріп, жобаның маңыздылығына ерекше тоқталған еді.
Егер жоба жүзеге асса, Жетіарал, Құйған, Қарасу ауылдық округтерінің аумағындағы 5 мың гектарға жуық жер егістік сумен қамтамасыз етіледі. Қойманың жобалық сыйымдылығы 20–25 миллион текше метр суды құрайды деп жоспарлануда.
Жұмыс барысымен танысуға облыстық мәслихат депутаты Болат Нұрпейісов, аудандық маслихат төрағасы Өмірхан Айкенұлы, аудан әкімінің орынбасарлары Марат Ниғметоллаұлы мен Талант Бақытбекұлы қатысып, мамандармен бірге нысан орнын аралап, жобаның негізгі бағыттарымен танысты.
- "Мысық" су қоймасының салынуы – ауданның аграрлық әлеуетін арттырып, ауыл шаруашылығын дамытуға және егістік алқаптарын тұрақты сумен қамтуға зор мүмкіндік береді, - делінген аудан әкімдігінің мәліметінде.
Пікірлер