453.26 506.7 5.58
A+ A A-

Тарбағатай аудандық ауруханасында жылжымалы медициналық кешен пайда болды

Тарбағатай аудандық ауруханасында жылжымалы медициналық кешен пайда болды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Аудан әкімдігінің ақпаратынша, бұл — аудан тұрғындары үшін көптен күткен қуанышты жаңалық, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Енді шалғай ауылдарға барып, жергілікті халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік туады. Жылжымалы кешен қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтылып, білікті мамандармен жұмыс істейтін болады.

- Мақсатымыз – ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту және қолжетімді медициналық көмекті кеңейту. Енді тұрғындарға алғашқы тексеру, кеңес беру, диагностикалық қызметтер қолжетімді болмақ. Шалғай ауыл тұрғындарын аралап, сол орында медициналық көмек көрсетіледі, - делінген аудан әкімдігінің ақпаратында. 

Жылжымалы кешен арнайы жабдықталған, қажетті аппараттармен толық қамтамасыз етілген. Ауыл-аймақты аралайтын бұл кешен арқылы алғашқы тексерулер, дәрігерлік кеңес, диагностикалық қызметтер және алдын алу шаралары жүзеге асырылады.

Жолға шығу кестесі алдағы уақытта жарияланады. 

ПМК – жылжымалы медициналық кешен төмендегідей құрылғылармен және жабдықтармен қамтамасыз етілген: ЭКГ аппараты, УДЗ (УЗИ) аппараты, флюорограф немесе рентген аппараты, глюкометр, тонометр, пульсоксиметр, лабораториялық шағын құрылғылар, медициналық тоңазытқыш – вакцина сақтау үшін, компьютер, тіркеу жүйесі, стерилизацияға арналған құрылғылар, төсек, кушетка, жарық шамдары.

ПМК құрамында жалпы тәжірибелі дәрігер, фельдшер, акушер, лор, стоматолог, окулист жұмыс істейді. 

Аурухана ұжымының басты мақсаты – шалғай ауыл тұрғындарына қолжетімді, сапалы, медициналық қызмет көрсету.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив