ШҚО Полиция департаментінің өкілдері қар көшкіні болуы мүмкін уақытта жол ережесін бұзушыларға қарсы қабылданатын шаралар туралы мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Департаментте полицейлердің басты міндеті қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Осыған орай қарлы тасжолдарда бақылауды күшейту көзделіп отыр. Мәселен, қысқы уақытта 65 уақытша бекет енгізу жоспарлануда. Шемонаихаға кіре берістегі және “Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары” тасжолындағы екі стационарлық бекет өз жұмысын жалғастырады.
- Көптеген автокөлік жүргізушісі қауіпсіздік шараларын елемейді және қала сыртындағы жолдардың жабық учаскелеріне барады. ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабына сәйкес жабық тасжолға шығу 30 АЕК дейін айыппұл салуға немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады, -  деп түсіндірді ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Игорь Клишин.
 
        
        
Пікірлер