Облыс орталығында «Туған жер – алтын бесігім!» жобасы аясында Зайсан ауданының мәдени күндері ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
7 қараша күні сағат 17:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында (Протозанов көшесі, 43) ауылшаруашылық және өнеркәсіп өнімдерінің, қолөнер шеберлерінің және Зайсан технология колледжінің мамандықтар жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылады.
Сағат 18:00-де аудан әртістері мен шығармашылық ұжымдарының концерті басталады.
8 қараша күні сағат 08:00-ден бастап «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы алаңында (Жібек жолы даңғылы, 44) Зайсан ауданының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Бұдан бөлек, ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтеді.
Сағат 10:00-де «Maxi Mall» сауда орталығында музыкалық-тақырыптық шеру, концерт ұйымдастырылады.
Пікірлер