A+ A A-

talgatzhan 39 Бүгін, 11:10 0

Өскеменде коммуналдық қызмет өкілдері қар тазалауды бастады

Бүгін / Басты / Өскемен

Түнде жауған жаңбыр қарға ұласып, ауа температурасы күрт төмендеді. Мұндай ауытқулар көпірлер мен жаяу жүргіншілер өткелдерінде мұз қату қаупін тудырады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

«Таза Өскемен» кәсіпорнының барлық жедел қызметі көктайғақтың алдын алу мен жою жұмыстарын дереу бастады. Шаһардағы көпірлер, қозғалыс қиылыстары және халық көп жүретін аумақтарға ерекше назар аударылуда. 
Жолдарда көктайғаққа қарсы материалдар профилактикалық түрде, яғни мұздың пайда болу қаупі жоғары нүктелерге ғана себілуде. Бұл — қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қолға алынған шара.
Осы ретте жүргізушілерден жылдамдықты төмендетіп, қашықты сақтау сұралады. Ал жаяу жүргіншілер мұқият болуы қажет. 
Кез келген сұрақтар бойынша «Таза Өскемен» кәсіпорнының диспетчерлік қызметіне 8 777 331 85 36 нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив