444.3 490.91 5.41
A+ A A-

Самар ауданына биыл 50 000 турист келді

Самар ауданына биыл 50 000 турист келді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Бұл туралы аудан әкімі Серік Жеңісов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Аудан басшысының айтуынша, 2030 жылға қарай туристер санын жылына 150 000-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.
- Самар ауданы өңірдегі жағажай туризмінің негізгі орталықтарының бірі саналады. Қазір облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасы бойынша Бұқтырма су қоймасы жағалауында заманауи серуен аймағын салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Одан бөлек, келесі жылдың көктем айында Бұқтырма су қоймасының Сарыбелдегі жағалауында қонақүй құрылысы басталады. Біз “Pana Asia” отандық компаниясымен келісіп, меморандумға қол қойдық. Жобаның жалпы құны - шамамен 1,5-2 млрд теңге, - деді Серік Жеңісов.
Аталған жоба туристер мен аудан қонақтары үшін жайлы жағдай жасауға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және жаңа туристік ағымдарды тартуға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Әдемі АМАНГЕЛДІ

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив