444.3 490.91 5.41
A+ A A-

Миролюбовка ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы жалғасуда

Миролюбовка ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы жалғасуда [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Самар ауданына қарасты Миролюбовка ауылында 196,3 млн теңгеге фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бұл мекеме тұрғындардан бөлек туристерге де қызмет көрсетпек. 
- Самар жағалауында, демалыс орындарында демалушылар көп. Жарақаттанып немесе ауырып қалған кезде Миролюбовка ауылындағы медициналық мекеменің көмегіне жүгіне алады. Самарға барып жүргенше осы жерге келіп, ем алады, - деді аудан әкімі Серік Жеңісов.
Оның айтуынша, ауданның денсаулық сақтау саласында оң динамика байқалуда. Дәрігер тапшылығы да азайған. 
- Аудандық ауруханада 29,5 млн теңгеге лифтіні күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Ол заманауи қауіпсіздік стандарттарына толық сай келеді. Ауданда эндокринология, жалпы практика, педиатрия-неонатология және рентгенология бағыттары бойынша дәрігер тапшылығы азайды, - деді Серік Жеңісұлы.

Әдемі АМАНГЕЛДІ

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив