A+ A A-

talgatzhan 55 5-11-2025, 16:20 0

Самар ауданына 5,5 млрд теңге инвестиция тартылды

Бүгін / Самар

Бұл туралы аудан басшысы Серік Жеңісов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Биыл Самар ауданында 9,2 шақырым жол жөнделді. Сондай-ақ су құбыры желілері қайта жаңартылып, тұрғын үйлер салынуда. Бұл бағыттағы жобалар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы мен «Бірқабатты Шығыс» бастамасы аясында жүзеге асырылып жатыр.
- Келесі жылы аудан үшін бірқатар ірі жобаны қолға алу жоспарланып отыр. Мәселен, жаңа қазандық пен кәріз-тазарту құрылыстарын салу, «Арбат» туристік аймағын дамыту. Сондай-ақ мәдениет үйі мен аудандық маңызы бар тасжолдарды қайта жаңартамыз, - деді Серік Жеңісов.
Анықталғандай, өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 1,4 млрд теңгеге жетті.
- Құрылыс жұмыстарының көлемі 5,4 млрд теңгеге дейін ұлғайса, негізгі капиталға тартылған жеке инвестициялар 5,5 млрд теңгені құрады. Ауданның ауыл шаруашылығы саласында да оң өзгеріс бар. Суармалы жерлерді дамыту жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Биыл 500 гектар жер айналымға енгізілсе, алдағы уақытта қосымша 582 гектар жерді қосу жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 347,5 млн теңге субсидия және 572 млн теңге несие берілді, - деді аудан әкімі. 
Серік Жеңіов бұл жұмыстар аудан экономикасын әртараптандыруға, ауылдық инфрақұрылымды нығайтуға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Әдемі АМАНГЕЛДІ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив