Бұл туралы ШҚО Прокуратурасы баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Самар аудандық прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде 39 азаматтың, соның ішінде 7 кәмелетке толмаған баланың «инватакси» қызметіне мұқтаж екені анықталды.
Алайда 2022 жылдан бастап заңнамаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы «инватакси» қызметі жүзеге асырылмай, аудан әкімдігі тұтынушылар санаты мен тізімін кеңейту туралы қаулы қабылдамаған.
Аудан прокуратурасының ұсынысымен әкімдік мүгедектігі бар адамдарға көлік қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдады.
Бюджеттен 27 млн теңгеге мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдауға арналған арнайы көлік алынды. Сондай-ақ тұрақты қызмет көрсету үшін жүргізушіге арналған жұмыс орны ашылды.
Пікірлер