453.26 506.7 5.58
A+ A A-

Ұлан ауданында көпқабатты үйден өрт шықты

Ұлан ауданында көпқабатты үйден өрт шықты [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қасым Қайсенов кентінде 5 қабатты үйдің 4-ші қабатындағы пәтер отқа оранды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өскемен қалалық 3-ші өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Қанат Қапанов жұмыстан тыс уақытта жақындарының үйінде болып, көрші пәтерден шыққан түтінді байқаған. Ол дереу 2 баланы құтқарып, тұрғындарды эвакуациялауға көмектесті.

Өрт сөндірушілер келгенше қауіпті аймақтан 80 адам өз бетінше шықты. Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен 4 адам, оның ішінде 2 бала эвакуацияланды.

Қазір өрттің неден шыққаны анықталуда.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив