A+ A A-

talgatzhan 21 1-11-2025, 20:00 0

Тарбағатай ауданында су құбырларындағы ақау қалпына келтірілуде

Бүгін / Тарбағатай

1 қараша күні Тарбағатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы С.Сабырбаев және аудан әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақжар» МКК директоры М.Малғажинов Жаңаталап ауылында су құбырларындағы ақауларды қалпына келтіру жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жұмыс барысы қадағаланып, орындалатын міндеттер бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін қатаң сақтау қажеттілігі ерекше атап өтілді.

Сонымен қатар Жаңаауыл ауылындағы салынып жатқан биіктігі 60 метрлік АМС нысанының құрылыс жұмыстары да назарға алынды. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив