Манама қаласында жасөспірімдер арасында өткен Азия ойындарында еркін күрестен Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен тарбағатайлық жас балуан, Ақжар ауылының спорт мектебінің түлегі Ералы Әскербек қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Ералы Әскербе шешуші белдесуде қытайлық спортшыпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша, ол үздік үштік қатарынан көрініп, ел абыройын асқақтатты.
- Бүгін аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ержан Кәрібаев, жаттықтырушысы, ата-анасы мен достары жеңімпаз балуанды қарсы алып, ақ батасын беріп, ыстық ықыластарын білдірді. Жас спортшының бұл жетістігі — аудан жастарына үлгі, спорт саласының дамуына қосылған зор үлес.Тарбағатай спортының мерейін асырған Ералыға жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз, - делінген аудан әкімдігінің ақпаратында.
Пікірлер