A+ A A-

talgatzhan 49 Бүгін, 12:00 0

Тарбағатай ауданында қазынашылық жүйесінің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін / Тарбағатай

6 қараша күні Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы Ермек Төлеуханұлының төрағалығымен қазынашылық жүйесінің өзекті мәселелеріне арналған кездесу өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шараға ШҚО бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Айжан Мажирова, ведомстволық бақылау және тәуекелдер бөлімінің басшысы Альбина Турлыканова, департаменті өкілі Жанар Манабаева, аудандық дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен есепшілер қатысты.

Жиында 2025 жылға арналған бюджеттік заңнамадағы өзгерістер, қазынашылық тәжірибесінде жиі кездесетін қателіктер, 2026 жылға түсімдер бойынша бірыңғай бюджеттік сыныптамадағы жаңалықтар талқыланды.

Қазынашылық департаментінің өкілідер тақырыптық баяндамалар жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. 

Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, алдағы жұмыс кезеңінде бірлесіп атқаратын міндеттер айқындалды.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив