A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 10:45 0

Самар ауданында жаңа мектеп салынуда

Бүгін / Самар

Қазір Самар ауылында үш білім ордасы жұмыс істейді. Бастауыш мектеп 1957 жылы салынған ғимаратта орналасқан. Құрылғаннан бері ешқандай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әуежай ауданында салынып жатқан жаңа ғимарат 120 оқушыға арналған. Бұдан бөлек, 30 балаға арналған шағын орталық болады. Қазір бастауыш мектептегі оқушы саны 90-ға жетті. 

- Жаңа ғимаратқа бастауыш сыныптар көшіріледі. Шағын аудан кеңейген сайын жағдайға байланысты басқа нұсқаларды қарастырамыз. Үшінші тоқсанда балалар жаңа ғимаратта, жайлы жағдайда оқуды бастайды, - деді Самар аудандық білім беру бөлімінің басшысы Руслана Закирьянова.

Бүгінде жаңа мектепте ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Мұғалімдер мен аудан әкімдігінің қызметкерлері аумақты көгалдандыруда. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив