A+ A A-

talgatzhan 0 8-11-2025, 11:52 0

Тарбағатай ауданының әкімі Қарасу ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Бүгін / Тарбағатай

Аудан басшысы Дархан Жөргекбаев Қарасу ауылдық округінің тұрғындарымен кезекті есептік кездесулер өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Өмірхан Әйкенұлы, ауылдық округ әкімі Шалқар Оралбекұлы қатысты. Алдымен ауылдық округ әкімі Шалқар Оралбекұлы 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді.

Кездесуде ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар туралы айтылып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Сонымен қатар азаматтар тарапынан ауылдық медициналық амбулатория ғимаратын  жаңадан салу, 1 көшені жарықтандыру,  мал кезегін тиімді ұйымдастыру, малды бағымсыз жібермеу мәселелерін қозғады. 

Олардың шешімі туралы хаттамалық тапсырма әзірленіп, орындалуы бақылауда болады.

- Соңғы жылдары Қарасу ауылдық округінде көптеген ірі жоба жүзеге асып, халықтың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасалуда. Ақмектеп және Шолақорда елді мекендерінде заманауи медициналық пунктер, Шолақорда ауылында шағын футбол алаңы салынып, Қарасу, Ақмектеп, Қарой ауылдары жарықтандырылды. “Бір қабатты Шығыс” бағдарламасы аясында тұрғын үйлер салу жобалары жүзеге асырылды, - делінген ресми ақпаратта. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив