A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 14:05 0

ШҚО әкімі: Уақыт белдеуін өзгерту жоспарда жоқ

Бүгін / Басты / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысы уақыт белдеуін өзгертуді қайта қарастыруды жоспарламайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде өңір әкімі Нұрымбет Сақтағанов айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Әкімнің айтуынша, облыс тұрғындары қазіргі уақыт бойынша 2 жылға жуық уақыт өмір сүріп келеді. Ал мемлекеттік органдар мен ұйымдар өз қызметін осы уақытқа бейімдеген.
- Біз жаңа уақыт бойынша шамамен 2 жыл өмір сүріп келеміз. Уақыт белдеуі мәселесі бірнеше рет мемлекеттік деңгейде қарастырылды, мамандар мен ғалымдардың талдау мен ұсыныстары ескерілді, – деді Сақтағанов.
Әкім қазір көптеген ұйымдар 08:00-ден 17:30-ға дейін жұмыс істейтінін атады.
- Барлығы осы күн тәртібіне әбден үйреніп кетті. Біздің облыс осы кесте бойынша әрі қарай өмір сүретін болады. Біз бұл мәселені қайта қарастыруды жоспарламаймыз, – деді ол.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив