Өңірде маусымдық инфекция жұқтырғандар санының көбеюіне байланысты онлайнға оқуға көшірілген сыныптар саны да артып келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
ШҚО Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 21 қарашадағы жағдай бойынша 107 мектептегі 1 504 сыныптың 27 610 оқушысы онлайн оқыса, 24 қарашада 111 мектептегі 1 614 сыныптың 29 479 оқушысы уақытша қашықтан оқуға көшірілген.
Оның 14 361-і маусымдық инфекция жұқтырған. Яғни, ауырған балалар саны артып келеді.
Облыста 381 балабақшада 27,4 мың бала білім алады. Мектепке дейінгі мекемелердегі науқастар саны – 5 874. Бүгінде барлық балабақша штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
- Білім ордаларында қашықтан оқытуға көшу сыныптағы оқушылардың 30%-дан астамының сырқаттанып қалғаны медициналық анықтамамен расталған жағдайда қабылданады. Жалпы облыс мектептерінде оқу процесі барлық санитарлық талапқа сәйкес ұйымдастырылған, – делінген ақпаратта.
Пікірлер