Облыс орталығында “Туған жер – алтын бесігім!” жобасы аясында Тарбағатай ауданының мәдени күндері ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
28 қараша:
Сағат 10:00-де С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да (Қазақстан көшесі, 55) “Ауылға бағыт: жас мамандар жәрмеңкесі”;
Сағат 15:00-де ШҚО филармониясында (Протозанов көшесі 43) “Дәстүр мен даму: Тарбағатай өрнегі” көрмесі;
Сағат 18:00-де ШҚО филармониясында (Протозанов көшесі 43) гала концерт өтеді.
29 қараша:
Сағат 07:00-де “Алтай” көтерме-бөлшек сауда орталығы алаңында (Жібек жолы даңғылы, 44) Тарбағатай ауданының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі;
Сағат 09:00-де №46 мектепте (Көкжал Барақ көшесі, 8/2) волейбол жарысы;
Сағат 11:00-де “MAXI MALL” сауда орталығында Балалар өнер мектебінің шығармашылық көрмесі мен Тарбағатай ауданы өнерпаздарының концерті ұйымдастырылады.
Пікірлер