A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 12:05 0

ШҚО-да 162 мектеп қашықтан оқып жатыр

Бүгін / Басты / ШҚО

Бүгінде облыс бойынша 347 мектепте 101 803 оқушы білім алып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Білім басқармасы мәліметінше, ЖРВИ мен тұмаудың таралуына байланысты 162 мектептің 2013 сыныбындағы 34 655 оқушы уақытша қашықтан оқыту форматына көшірілді. Өңірдегі 14 073 бала тұмау жұқтырған.
Қашықтан оқыту ұйымдастырылған мектептер:
Алтай ауданы – 21 мектеп;
Глубокое ауданы – 16 мектеп;
Зайсан ауданы – 5 мектеп;
Катонқарағай ауданы – 4 мектеп;
Күршім ауданы – 8 мектеп;
Самар ауданы – 7 мектеп;
Өскемен – 46 мектеп;
Тарбағатай ауданы – 10 мектеп;
Ұлан ауданы – 10 мектеп;
Үлкен Нарын ауданы – 6 мектеп;
Риддер – 9 мектеп;
Шемонаиха ауданы – 16 мектеп;
Облыстық – 4 мектеп.
Бұдан бөлек, оқушылар арасындағы аурушаңдықтың жиілеуіне байланысты 109 мектептің 1 886 сыныбында кабинеттік жүйе уақытша тоқтатылды. Бұл сыныптарда 32 277 оқушы білім алуда, 6 679 бала аурып жатыр. 
Кабинеттік жүйе тоқтатылған мектептер:
Глубокое ауданы – 14 мектеп;
Зайсан ауданы – 3 мектеп;
Катонқарағай ауданы – 1 мектеп;
Күршім ауданы – 8 мектеп;
Самар ауданы – 2 мектеп;
Үлкен Нарын ауданы – 6 мектеп;
Өскемен – 45 мектеп;
Шемонаиха ауданы – 13 мектеп;
Ұлан ауданы – 15 мектеп;
Облыстық – 2 мектеп.
Сондай-ақ облыстағы 381 мектепке дейінгі ұйымда 27 400 бала бар. 285 мемлекеттік балабақшада 16 432 бүлдіршін, 96 жекеменшік балабақшада 10 949 бала тәрбиеленуде. Оның 7 8979-ы ауру жұқтырған. Барлық мектепке дейінгі ұйым қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив