A+ A A-

talgatzhan 59 Бүгін, 16:45 0

ШҚО-да ЖРВИ-ге шалдыққандар саны 90 мыңнан асты

Бүгін / ШҚО

Облыста жедел респираторлық вирустық инфекцияның 93 358 жағдайы тіркеліп, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 58 517 факті анықталды. Аурушандықтың 62,68%-ы балалар арасында байқалады (1 жасқа дейінгі балалар - 1060, жүкті әйелдер -276), деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тұмаудың зертханалық расталған (A/H3N2 типі) 73 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 37 факті анықталды. Дәрігерлер сөзінше, ел ауызында таралып кеткен “гонконг тұмауы” – жыл сайын айналымда жүретін кәдімгі маусымдық вирус. 
– Атауы өзгеше естілгенімен, қорқатын ештене жоқ. Оның алдын алу жолдары: тұмауға қарсы екпе алу, қарапайым гигиеналық ережелерді сақтау, қолды сабындап жуу, антисептик қолдану, маска кию. ЖРВИ белгілері бар адамдардан аулақ болу, үй-жайларды күн сайын тазалап, желдетіп отыру, дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану, – делінген ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ақпаратында.
Бұдан бөлек, 67 риновирус, 3 бокавирус, 29 аденовирус жағдайы анықталды. 
ЖРВИ және тұмаудың эпидемиялық маусымында жергілікті бюджет есебінен 76 721 360 тенгеге тұмауға қарсы “Гриппол плюс” вакцинасының 75 000 дозасы сатып алынды. Ал жұмыс берушілер есебінен және ақылы түрде екпе салу үшін 2000 доза алынды. 
– Бұл екпені тәуекел топтарға жататын облыс тұрғындары (жүкті әйелдер, медицина қызметкерлері, диспансерлік есепте тұрған балалар, мүгедек балаларға арналған интернат балалары, мектеп- интернат оқушылары, Балалар үйінің балалары, Қарттар үйінің контингенті, созылмалы аурулары бар ересектер, 60 жастан жоғары ересектер және эпидемиялық көрсеткіштері бойынша жататындар) алуда. Өзге де ниет білдіргендер ақылы немесе жұмыс беруші есебінен екпе ала алады.
Қазір облыс тұрғындарының 77 000-ы тұмауға қарсы екпе алды (тәуекел топтардан - 75 000, жұмыс беруші есебінен - 1 820, ақылы түрде - 180).

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив