A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 14:40 0

Өскеменде Конгресс-холл мен 500 орындық мұз сарайы салынады

Бүгін / Өскемен

Бүгін облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскеменде салынатын бірқатар нысанның жобаларымен танысып, жер учаскелерін аралады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ең әуелі әмбебап спорт аренасы бой көтеретін Сәтбаев даңғылындағы «ЛИК» тұрғын үй кешені аумағына барды. 

Төртқабатты ғимараттың бірінші қабатында 5 мың көрермен сыятын шағын футбол аренасы, бассейн, көркем гимнастика залы, дәмхана, медицина орталығы, ал үшінші қабатта баскетбол, волейбол залдары орналасады. Аталған жоба өңірде бұқаралық спортты дамытуға және түрлі жарыстарды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік бермек.

Содан соң аймақ басшысы Конгресс-холл салынатын Есенберлин даңғылындағы жер учаскесінде болды. Жалпы сыйымдылығы 1500 орындық екі концерттік залы бар жаңа орталық 3 қабаттан тұрмақ. Онда концерттер, форумдар, фестивальдер мен білім саласына қатысты шаралар өткізіледі. Тәуелсіздік монументінің жанында орналасқан жер учаскесінің аумағы - 4 гектар. 

Бұдан бөлек, дәл оның қасына 500 орындық Мұз сарайы салынады. Ол тарихы тереңде жатқан шығысқазақстандық хоккейді, коньки спортын, мәнерлеп сырғанауды дамыта түсуге жағдай жасайды. 

Нұрымбет Сақтағанов бұл үш ірі жобаның Шығыс Қазақстан облысының орталығында қалыптасып келе жатқан жаңа спорттық-мәдени кеңістіктің негізін құрайтынын атап өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив