A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 15:05 0

ШҚО-да 28 дәрігер шетелге оқуға жіберіледі

Бүгін / Басты / ШҚО

ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Нұрсұлтан Маратовтың ақпаратынша, денсаулық сақтау саласын дамытуға 12,2 млрд теңге бөлінбек, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мәселен, Өскемен қаласының мамандандырылған Балалар үйіне 577 млн теңге, медициналық құрал-жабдықтардың 2 қоймасына 149,2 млн теңге, Жоғары медициналық коледжіне 770,7 млн теңге бағытталады. 
– 28 маманды Түркия, Ресей, Германияның үздік емханаларында оқытуға, резидентурада 55 маманды даярлауға 376 млн теңге бөлінді. Вакцина сатып алуға 1,7 млрд теңге, сирек кезедесетін ауруларға шалдыққан 73 ересек пен 51 балаға дәрі-дәрмек сатып алуға 1,7 млрд теңге, туберкулездің алдын алу, жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы, адамның иммун тапшылығы вирусы және нашақорлықпен күрес бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыруға 266 млн теңге жұмсалмақ, – деді ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрсұлтан Маратов.
Бұдан бөлек, Өскемен, Риддер қалалары мен Глубокое, Күршім, Тарбағатай аудандарындағы денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуден өткізуге 1,7 млрд теңге бөлінбек. 
Тағы 1,8 млрд теңгеге үш нысан құрылысы мен жаңғыртуын аяқтау жоспарлануда. Атап айтқанда, ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығының алғашқы үш қабатын жаңғырту – 645,3 млн теңге, Ана мен бала орталығының ғимаратын перзентханаға қайта бейімдеу – 1 млрд теңге, Зайсан ауданына қарасты Қаратал ауылында дәрігерлік амбулатория салу – 191 млн теңге.

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив