Бүгін облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Самар ауданының тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелер мен алдағы жоспарларды талқылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, аудандағы агроөнеркәсіп кешені облыс экономикасының 2,6 пайызын құрайды. Негізінен өсімдік шаруашылығы дамыған, нақты айтқанда 54,8 пайыз, ал мал шаруашылығының үлесі 45 пайыздан асады.
Ауданда 17,6 мың бас ірі қара, 36,5 мыңға жуық қой-ешкі және 10,2 мың жылқы бар. Осы жылдың 10 айында 3,3 мың тонна ет өндіріліп, бұл облыстық көрсеткіштің 2,6 пайызын құрады.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында аудан кәсіпкерлеріне туризмді дамытуға, өнімді қайта өңдеуге және техниканы жаңартуға қаржылай қолдау көрсетілуде. Өткен жылы 114,3 млн теңгеге 6 несие берілсе, биыл 310 млн теңгеге жуық 18 жоба қаржыландырылды.
Пікірлер