A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 17:15 0

Самар ауданында алтын фабрикасы салынады

Бүгін / Самар

Аудан облыстың өнеркәсіп өндірісінің 2,3 пайызын қалыптастырады. Саланың негізін тау-кен өндірісі құрайды - жалпы көлемнің 67 пайызы немесе 4,19 млрд теңге, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Биыл Сәтбаев атындағы кен байыту комбинатында жылына 200 мың тоннаға дейін руда өндіру арқылы ильменит концентратын шығару жобасы іске асырылуда. Жобаның инвестиция көлемі - 1,3 млрд теңге.

Ал 2026 жылы «Каскад-Н» ЖШС-нің қуаттылығы жылына 150 мың тоннаға дейін өңдеуге жететін алтын фабрикасын салу жоспарланып отыр. Жобаның құны - 9 млрд теңге.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив