Қазір туристік аймақтың Бас жоспары әзірленіп, Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасатын «Арбат» туристік-рекреациялық аймағының жобасы жасалып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ауданда облыстағы жалғыз Туризм және инвестициялар орталығы жұмыс істейді. Халықаралық Pana Asia компаниясымен бірлесіп, алдағы үш жылда құны 2 млрд теңге болатын заманауи қонақүй салу көзделген.
Жылдың алғашқы жартыжылдығында туристер саны 75 пайызға артып, 6 645 адамға жетті. Сонымен қатар демалыс базаларының нақты саны ресми статистикадан жоғары, бұл туристік нысандарды түгендеу қажеттігін көрсетеді.
Пікірлер