A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 17:35 0

Самар ауданындағы 18 мектепте «Starlink» іске қосылды

Бүгін / Самар

Бүгінде аудан халқының 93,5%-ы интернетпен қамтылған. Ал 752 адам тұратын 6 елді мекенде байланыстың болмауына немесе сапасыздығына қатысты арыз-шағымдар түсіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Палатцы ауылында бюджет қаражаты есебінен антенна-мачталық діңгек құрылысы аяқталды. Раздольное ауылында “Кар-Тел” ЖШС операторының базалық станциясын орнату жоспарланып отыр. Қалған 4 ауылда жұмыс «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2027 жылдың соңына дейін ұялы байланыс операторларымен бірлесе отырып кезең-кезеңімен жүргізіледі, - деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Осы ретте  әрбір нақты аумақтың ерекшеліктеріне және қолжетімді технологияларға қарай ауылдарды интернетке қосудың балама нұсқалары қаралып жатыр. 

Аудандағы 18 мектепті жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету үшін «Starlink» жиынтығы орнатылған.

Самарда тұрғын үй құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша көпбалалы және әлеуметтік тұрғыда осал топтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Самар ауылында 3 бірқабатты үй және көпқабатты үйлерден 38 пәтер сатып алынды. Осы жылы 14 бірқабатты тұрғын үй құрылысын аяқтап, көпқабатты үйлерден 16 пәтер сатып алу жоспарланған. 

Сондай-ақ медицина саласының мамандарын баспанамен қамтамасыз ету үшін Самар ауылындағы көпқабатты тұрғын үй кешеніне (8 пәтер) ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 50 млн теңгеден астам қаражат бөлінген.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив