A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 10:40 0

Өскеменге келесі жылы үш жаңа трамвай әкелінеді

Бүгін / Басты / Өскемен

Қала әкімдігі 2026 жылы тағы үш жаңа заманауи трамвай сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл көлік түрі халық арасында өте танымал. Сондықтан олардың саны біртіндеп артып келеді. Биыл қалада үш заманауи трамвай жұмыс істей бастады.

- Бізде трамвайлар жетіспейді. Желіде шамамен 19 көлік болуы керек еді, бірақ шын мәнінде бізде 9-10 трамвай бар. Сондықтан бұл мәселе өзекті болып қала береді. Жоспар бойынша келесі жылы үш трамвай сатып алу көзделген, - деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов.

Айта кету керек, қазір трамвайлар Қазақстанның үш қаласында ғана жұмыс істейді: Павлодар, Өскемен және Теміртау.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив