A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 20:30 0

Өскеменде “Туған жер – алтын бесігім” жобасының қорытынды гала-концерті өтті

Бүгін / ШҚО / Басты

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында қала және аудан өнерпаздарының қорытынды гала-концерті ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстық филармонияның үлкен залы лық толып, ине шаншар орын қалмады. Өңірдің әр түкпірінен жиналған көрермен сахнаға шығатын өнерпаздарды зор ықыласпен, тағатсыздана күтті.

Гала-концерт барысында әр қала мен аудан бір-бір шығармашылық нөмірден ұсынды. Әуелете ән салған әншілер мен мың бұрала билеген бишілер қонақтардың ыстық ықыласына бөленді.

Іс-шара барысында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов сөз сөйлеп, жобаның маңызына тоқталды.

-Шығысымыздың төрінде сән-салтанаты жарасқан керемет кеш өтті. Соңғы үш ай бойы әр аптаның жұмасында өнерсүйер қауым осы концерт залына асыға келіп жүрді. Рухани, мәдени демалыс сыйлап, халықтың шөліркеп қалған көңілін сусындатқан барлық өнерпаздарға алғыс білдіремін, – деді өңір басшысы.

Жоба қорытындысы бойынша бас жүлде Күршім ауданына бұйырды. Бірінші орын Тарбағатай ауданына, екінші орын Ұлан ауданына, ал үшінші орын Марқакөл ауданына берілді.

Айта кетейік, «Туған жер – алтын бесігім» жобасы өңірдің мәдени әлеуетін арттырып, жергілікті өнерпаздарды кеңінен танытуға бағытталған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив