Бүгін облыс орталығындағы Республика алаңында дәстүрлі түрде бас шыршаның шамдары жағылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жаңа жыл қарсаңындағы мерекелік іс-шара көрші мемлекеттер мен елдің түкпір-түкпірінен арнайы келген Аяз Аталар мен Ақшақарлардың салтанатты шеруімен басталды. Түрлі ертегі кейіпкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше әсер сыйлап, кештің шырайын кіргізді. Жиналған жұрт оларды зор ықыласпен қарсы алып, нағыз қысқы ғажайыптың куәсі болды.
Салтанатты сәтте Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов кішкентай балақайлармен бірге бас шыршаның шамын жағып, жаңа жылдық әшекейлер жарқырай түсті.
Бұдан соң Аяз Ата мен Ақшақар қала тұрғындарымен ән айтып, би билеп, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік концерттік бағдарлама да көпшіліктің көңілінен шықты.
Қымбат Мухамадиева
Фотосурет автордікі
Пікірлер