Былтыр қалада 4,6 млрд теңгеге шамамен 50 шақырым жол жөнделді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осы жылы 6,6 млрд теңгеге 71 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілді (облыстық маңыздағы жолдар – 29 шақырым, қала көшелері – 42 шақырым).
Қазір Ертіс пен Үлбі өзендері көпірлерге түсетін жүктемені арттырып отыр. Қаланың әр шетіндегі аумақтарды бір-бірімен байланыстыру және кептелісті азайту үшін Ертіс пен Үлбі арқылы өтетін екі жаңа көпір салу жоспарланған.
Сонымен қатар Сәтбаев даңғылы – Жібек жолы көшесі және Жеңіс даңғылы – Пермитин көшесі қиылысында екі көлік айрығын салу көзделген.
Шнайдер көпірін қайта жаңғырту жұмыстары ерекше бақылауда.
Пікірлер