24 желтоқсанда аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын өтінішпен жүгінген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әйелдің айтуынша, оның 16 жастағы ұлы 22 желтоқсанда үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Бұған дейін де осындай жағдайлар қайталанған.
- Хабарлама түскен бойда іздестіру шаралары ұйымдастырылып, бейнебақылау жүйесінің мүмкіндіктері іске қосылды. Нәтижесінде жасөспірім Өскеменнен табылды. Полиция қызметкерлері анықталған мекенжайға барып, баланы анасына аман-есен табыстады. Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Жасөспірімнің жай ғана серуендеп жүргені анықталды. Онымен және оның заңды өкілімен профилактикалық әңгіме жүргізілді, - деді ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында,
Айта кетейік, өңірде бейнесараптама жүйесі мамыр айынан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде жүйе хабарсыз кеткен 2 адамның орналасқан жерін анықтауға, іздеуде жүрген 38 тұлғаны ұстауға септігін тигізді. Биыл полиция қызметкерлері жоғалған 37 жасөспірімді тапты.
Пікірлер