444.3 490.91 5.41
A+ A A-

ШҚО-да жол қозғалысына шектеу енгізіледі

ШҚО-да жол қозғалысына шектеу енгізіледі [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Ауа райының қолайсыздығына байланысты енгізілетін шектеу  туралы ШҚО «ҚАЖ Сервис» мекемесі мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ведомство мәліметінше, бүгін сағат 16:00-ден бастап қар мен көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар тасжолдың бір учаскесінде тіркемелі және жартылай тіркемелі автокөліктер қозғалысына шектеу қойылады.

Өскемен – Риддер – Ресей Федерациясының шекарасы автожолы, 15-105 шақырым аралығы (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін) жабылады. 

Республикалық маңызы бар жолдардың жай-күйі туралы ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы білуге болады.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив