A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 14:35 0

Өскеменде әйелді пышақтап өлтірді

Бүгін / Өскемен / Қылмыс

Қайғылы оқиға кешкі уақытта Астана көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам бірге тұрып жатқан әйелді пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Күдікті оқиғадан соң бірден қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала берілген ақпаратқа сәйкес, қылмысқа тұрмыстық жағдай себеп болған.
- ШҚО Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазір оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде, - делінген ресми ақпаратта. 
Қосымша мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив