A+ A A-

talgatzhan 32 9-01-2026, 11:30 0

Алтай ауданы әкімінің халықпен кездесу кестесі жарияланды

Бүгін / Алтай

Аудан басшысы Ренат Кұрмамбаев қаңтар айында аудан тұрғындарымен кездесулер өткізеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кездесу кестесі аудан басшысының Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.
Әкімнің мәліметінше, кездесулер 9–23 қаңтар аралығында ұйымдастырылады. Жиын барысында Ренат Құрмамбаев өткен кезеңде атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылап, алдағы жылға арналған жоспарлар мен басым бағыттарды таныстырады. 

- Халықпен ашық диалог – ауданның дамуына бағытталған тиімді әрі салмақты шешімдер қабылдаудың маңызды негізі, – деді Ренат Құрмамбаев.

Кездесулер кестесі:
9 қаңтар, жұма
10:00 – Подорленок кенті
11:30 – Маяк кенті
13:00 – Ново-Крестьянка ауылы
15:30 – Соловьево ауылы

12 қаңтар, дүйсенбі
10:30 – Александровка ауылы
11:30 – Андреевка ауылы
15:00 – Средигорное ауылы

13 қаңтар, сейсенбі
10:00 – Быково ауылы
11:30 – Богатырево ауылы
13:00 – Путинцево ауылы
15:00 – Малеевск ауылы

14 қаңтар, сәрсенбі
10:00 – Бояновск ауылы
11:30 – Парыгино ауылы
13:30 – Зубовск кенті
16:00 – Тұрғысын ауылы

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив