Синпотиктердің айтуынша, ел аумағына суық антициклон жылжып келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осы аптаның ортасына қарай облыста қатты аяз болады деп күтілуде.
- 14 қаңтарда елдің солтүстігінде, 15 қаңтарда шығысында түнгі температура -32 градустан -38 градусқа дейін төмендейді. Антициклонның тез ауысуынан желдің екпіні күшейіп, кейбір аудандарда жылдамдығы 28 м/с дейін жетеді, - делінген ресми мәліметте.
Өскеменде 12-14 қаңтар аралығында қар жауып, боран соғады. Күндіз сынап бағанасы -0 градустан +1 градусқа дейін көтеріледі. 14 қаңтарда күндіз -26 градустан -29 градусқа дейін, түнде -34 градустан -37 градусқа дейін аяз болады.
Пікірлер