A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:00 0

ШҚО-да бүгін оқушылар онлайн оқиды

Бүгін / Басты / ШҚО

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратынша, бүгін ауа райының күрт сууына байланысты бірінші және екінші ауысымдағы мектеп оқушылары қашықтан білім алады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өскеменде бірінші және екінші ауысымдағы 0–9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Шемонаиха ауданында ауа температурасының -38 градусқа дейін төмендеуіне байланысты барлық мектепте оқу форматы онлайнға ауыстырылды. 

Тарбағатай ауданында 27 мектептегі 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқиды. Ал 2 білім ордасы (Жаңаталап орта мектебі және Д.Қонаев мектеп-балабақшасы) штаттық режимде жұмыс істейді. 

Бұдан бөлек, Үлкен Нарын, Самар, Алтай, Зайсан, Күршім, Глубокое аудандарында мектеп оқушылары онлайн оқиды. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив