Аудандық сотта Қылмыстық кодекстің 337 бабы бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, былтыр 8 желтоқсанында облыс тұрғыны аң аулауға рұқсатсыз Уварово мен Саратовка ауылдары арасындағы аралда мылтықпен елік атқан.
Осылайша, мемлекетке 1 474 500 теңге көлемінде залал келтіріп, шығынды толық өтеді.
Сот үкімімен ер адамға немесе 786 400 теңге айыппұл салынып, бір жылға аңшылықпен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырды.
Үкім әлі күшіне енген жоқ.
Пікірлер