A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 18:55 0

60 жыл бұрын тартылған құбырлардағы апат жойылды - Өскемен

Бүгін / Басты / Өскемен

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскеменде су құбырында штаттан тыс жағдай тіркелген көшеге барды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Төрт күнге созылған қатты аяз әсерінен қаладағы Карбышев, Беспалов, Геологическая көшелерінде су құбыры желілерінде штаттан тыс жағдай болды.

Құбырды қалпына келтіру жұмыстарына байланысты суық су беру уақытша тоқтатылып, тұрғындарға су тасымалдау ұйымдастырылды.

Күннің райына қарамастан коммуналдық қызметтер үздіксіз жұмыс істеді.

— Беспалов көшесіндегі құбыр 1964 жылы салынған. Қазіргі таңда тозығы жетіп отыр. Осындай жағдайларды болдырмау үшін ескі құбырларды рет-ретімен ауыстырып жатырмыз. Барлығын бір мезетте ауыстыру мүмкін емес. Қазіргі уақытта жағдай қалыпқа келтірілді. Қаланың коммуналдық инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жағдай бақылауда. Барлық жұмысшыларға алғысымды білдіремін! - деді Нұрымбет Сақтағанов.   

Айта кетейік, инфрақұрылымды қалыпқа келтіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. «Инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасы арқылы да су құбырын ауыстыру мүмкіндігі қарастырылуда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив