452.91 509.43 5.53
A+ A A-

Алтай ауданының тұрғыны өрттен екі баланы құтқарып қалды

Алтай ауданының тұрғыны өрттен екі баланы құтқарып қалды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Соловьево ауылындағы үйде өрт шығып, екі бала құтқарылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Соловьев орта мектебінің дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық пәні мұғалімі Руслан Сейітов жалынды көрген сәттен бастап әрекетке кірісті. Ол үйге кіре бірден алмай, терезені сындырып, балаларды сыртқа шығарды.

Ауыл тұрғыны оларды өз үйіне әкеліп, көршілеріне ескертті. Кейін өртеніп жатқан үйге қайтадан оралды. Ішінде қарт адам қалған еді.

Көршілер Руслан Сейітовтың сенімді әрекетін бағаласа, ауыл тұрғынының өзі бұл ісін батырлық деп санамайтынын жеткізді.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив